jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    500 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейін: Қазақстанда нәресте сатуға қатысты жантүршігерлік фактілер тіркелді

    нәресте
    Сәби. Көрнекі фото: pixabay.com

    Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті адам саудасына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Шынар Көшербаева Қазақстанда жаңа туған сәбилердің сатылуына қатысты жантүршігерлік фактілерді айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Астанада өткен дөңгелек үстел кулуарында Шынар Көшербаева нәрестелерді асырап алу мақсатында сату Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша жазаланатынын еске салды.

    "Жыл басынан бері осы бап бойынша 19 факт тіркелді, оның барлығы нәрестелерді асырап алу мақсатында сатуға қатысты. Фактілер барлық облыста, соның ішінде Алматыда да тіркелді.

    Схемада бала сүйе алмайтын ата-аналар және баласынан бас тартқысы келетіндер бар. Міне, осы арада пайда табу мақсатымен сондай адамдарды іздеумен айналысатын делдалдар шығады", - деп түсіндірді спикер.

    Ол сондай-ақ балаларды шетелге алып кету фактілері тіркелмегенін баса айтты.

    "Бізде сататын және сатып алатын адам бірдей жауапкершілікке тартылады. 500 000 теңгеден 1- 1,5 млн-ға дейін (сондай сомаға сатады – ред. ескертпесі). Мұндай жағдайлардың беті ашылды", - деді ол.

    500 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейін: Қазақстанда нәресте сатуға қатысты жантүршігерлік фактілер тіркелді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.