jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    БЖЗҚ-дан 200 млрд теңгені заңсыз шығаруға қатысты іс бойынша тәркіленген мүлік көрсетілді (видео)

    автокөлік
    Автокөлік. Видеодан кадр: instagram.com/afm_rk

    Атырау облысында жалпы сомасы 200 млрд теңгеден асатын зейнетақы жинағын жымқыру схемасы әшкере болды. Қаржы мониторингі агенттігі желідегі ресми парақшасында тәркіленген мүлікті көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қаржы мониторингі агенттігінің Instagram желісінде жариялаған мәліметі бойынша, жалған емханалар мен 226 дроппер арқылы жымқырылған қаржы 200 млрд теңгеден асқан.

    "Күдіктілер салымшылардың ақшасына құны 600 млн теңгеден асатын 15 элиталық көлік сатып алған.

    Брендтік зергерлік бұйымдар, сонымен қатар коммерциялық үй-жайлар, пәтерлер мен жер учаскелері.

    Қылмыстық жолмен тапқан мүлікті іздеу әлі жүріп жатыр", - деп хабарлады ведомстводағылар.

    Еске сала кетейік, бұған дейін "Отбасы банк" өкілдері стоматологиялық қызметтерді төлеу үшін алынған бірыңғай зейнетақы жинақтарының мақсатсыз пайдалану жағдайлары туралы айтқан болатын.

    Банк мәліметінше, соңғы төрт жыл ішінде enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тек "Стоматологиялық қызметтер" бағыты бойынша 757 млрд теңге шығарылған. Оның 222,61 млрд теңгесі ТОП-20 стоматологиялық клиникаға түскен. Белгілі болғандай, тек Атырауда орналасқан клиникалардың біріне азаматтар зейнетақы жинақтарының артығынан 22,9 млрд теңге аударған. Клиенттердің бірі 11 рет БЖЗҚ-дағы қаражатты тіс емдеуге пайдалану үшін өтініш берген.

    Айта кетейік, жақында мемлекет басшысының қабылдауында болған Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов БЖЗҚ-дан жалған стоматологиялық қызмет көрсету арқылы 200 млрд теңгені заңсыз шығару фактілері анықталғанын айтқан еді.

    БЖЗҚ-дан 200 млрд теңгені заңсыз шығаруға қатысты іс бойынша тәркіленген мүлік көрсетілді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.