Бас прокуратура Қайрат Қожамжаров ісіне қатысты пікір білдірді
Жарияланған күні:
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Мәжіліс кулуарында Қайрат Қожамжаровтың ісі жөнінде айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ғалымжан Қойгелдиев Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) бұрынғы төрағасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.
"Қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, қазіргі уақытта дәлелдемелік база жинақталып жатыр. Қалғанының бәрі процессте жария етіледі", — деді бас прокурордың орынбасары.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2290074-bas-prokuratura-qairat-qozhamzharov-isine-qatysty-pikir-bildirdi/