Атырауда ҰҚК қызметкері ұсталды
Жарияланған күні:

Атырауда ҰҚК қызметкері ұсталғаны ресми расталды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ақжайық.
Басылымның мәліметінше, 14 қыркүйекте Еркінқала ауылында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Атырау облыстық ҰҚК департаментінің 32 жастағы жедел уәкілін ұстаған. Ол Жайық өзенінің жағасына жақын жерде тоқтатылған.
"Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деп пікір білдірген ведомствоның баспасөз қызметі басылымға басқа мәлімет беруден бас тартып.
Атырау облыстық полиция департаменті ақпарат берудің қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабымен шектелетінін, мәлімет тек прокуратураның келісімімен жария етілетінін атап өткен.
Ал Атырау облыстық прокуратурасы журналистердің сауалын ҰҚК департаментіне жолдаған.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2290407-atyrauda-uqk-qyzmetkeri-ustaldy/
