Астаналық полицейлер заңсыз студияның қызметін тоқтатты (видео)
Жарияланған күні:
Елорда полициясы қаланың сол жағалауында орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінің жертөлесінде жұмыс істеген студияның қызметін тоқтатты. Бұл туралы Астана қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Полицияның ақпаратына сәйкес, аталған орын интернет желісінде жарияланған арсыз жарнама арқылы әшкереленген. Астана полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері нысан иесін анықтап, заңда белгіленген тәртіппен тексеру жүргізіліп, жауапкершілікке тарту шаралары қабылдап жатыр.
"Мұндай орындар қоғамның моральдық құндылықтарына, мәдени мұрасына айтарлықтай қатер төндіреді. Әсіресе елорда — рухани әрі мәдени дамудың үлгісі болуға тиіс қала. Азғындыққа құрылған жалған "көңіл көтеру" түрлерінің таралуы жастарға кесірін тигізеді", - деп хабарлады ведомство.
Полиция халықты арсыздыққа итермелейтін, қоғамдық мораль қағидаларына қайшы кез келген әрекет қолданыстағы заңнама аясында қатаң түрде тоқтатылатынын ескертті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2291148-astanalyq-politseiler-zangsyz-studiianyng-qyzmetin-toqtatty-video/