Зейнетақы жинағынан 46 млрд теңгені заңсыз шығарды деп күдікке ілінген үш адамға іздеу жарияланды
Жарияланған күні:
Қаржылық мониторинг агенттігі БЖЗҚ-дан 46 млрд теңгені заңсыз шығарды деген күдікке ілінген үш адамға іздеу жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржылық мониторинг агенттігі Аслан Қамбарұлы Дуйсенов, Ғаббас Иманбаев және Есімхан Баяндыұлы Елешевке іздеу жариялады.
Аталған азаматтар 46 млрд теңгеден астам қаражатты БЖЗҚ-дан заңсыз шығару мақсатында қылмыстық схема ұйымдастырды деген күдікке ілінген.
"Олар тіс емдеу қызметі көрсетілгендей етіп жалған медициналық құжаттарды рәсімдеген. Олар Маңғыстау және Атырау облыстарындағы 7 стоматологиялық клиниканы пайдаланған. Аталған мекемелер іс жүзінде ешқандай медициналық қызмет көрсетпеген.
Дүйсенов, Иманбаев, Елеушевке қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылды", - делінген хабарламада.
ҚМА дерегінше, айыпталушылардың бірі бұрын полиция қызметкері болған, алайда теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған. 2016 жылы ол Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу") және 362-бабы ("Қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану") бойынша ауыр қылмыс жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған.
Агенттік өкілдері іздеуде жүрген тұлғалар туралы қандай да бір ақпарат білген азаматтарға Қаржылық мониторинг агенттігіне төмендегі нөмір бойынша хабарласуды сұрайды:
+7 (7172) 70 84 78 – кезекші бөлім.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2293014-qarzhylyq-monitoring-agenttigi-zhalgan-stomatologiialyq-klinika-ielerine-izdeu-zhariialady/