Рақымшылықтан айырылды: ҚАЖК өкілдері Жомарт Ертаевтың қазір қайда екенін айтты
Жарияланған күні:
Жомарт Ертаевқа қатысты рақымшылықты қолдану туралы сот шешімі жойылғаннан кейін құқыққорғау органдары бұрынғы банкирді қамауға алды. Бұл туралы ІІМ ҚАЖК өкілдеріне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Сот шешімінен кейін Ертаев ұсталып, қазіргі уақытта қамауға алынды", - деді ҚАЖК баспасөз қызметінің өкілдері.
Айта кетейік, осы жылдың 2 қыркүйегінде Алматы облысы Алатау қаласы сотының қаулысымен Ертаевтың өтініші қанағаттандырылып, ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай қабылданған рақымшылық туралы заңның 3-бабы 6-тармағына сәйкес, оған 11 ай 16 күн өтелмеген жаза мерзімі бойынша рақымшылық жасалып, бостандыққа шығарылған болатын.
Алайда кейін Алатау қаласының соты бұрынғы банкир Жомарт Ертаевқа қатысты рақымшылық актісін қолдану туралы қаулының күші жойды. Сот өкілдері бұл шешімін түсіндірген еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2293098-raqymshylyqtan-aiyryldy-qazhk-okilderi-zhomart-ertaevtyng-qazir-qaida-ekenin-aitty/