jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Алматыда дүкеннен өрт шықты: от тұрғын үйге ауысты

    Өрт сөндіру қызметі
    Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

    Бүгін, 12 қазанда Алматыда төтенше жағдай орын алды. Оңтүстік астанада дүкен өртке оранып, от қасында тұрғын үйге ауысты. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Министрліктің хабарлауынша, төтенше жағдай Васнецов көшесінде болған. Бір қабатты дүкені өртеніп, от қатар орналасқан жеке тұрғын үйге ауысты.

    "ТЖМ бірінші бөлімшелері келгеннен кейін дүкеннің ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілердің жедел және үйлестірілген іс-қимылдары нәтижесінде оттың таралуына жол берілмеді", - делінген ведомство хабарламасында.

    Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.

    Алматыда дүкеннен өрт шықты: от тұрғын үйге ауысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.