jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Пара алғаны үшін сотталған Бақытгүл Хаменова неге тойда жүр: бас прокурордың орынбасары пікір білдірді

    Бақытгүл Хаменова
    Бақытгүл Хаменова. Видеодан кадр: t.me/ztb_qaz

    Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев сенат кулуарында жемқорлық бабы бойынша сотталған Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың тойда жүрген сәті түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Хаменова ханымға қатысты айтар болсам, иә, үш жылға кейінге қалдырылды (жаза мерзімін өтеу – автордың ескертпесі). Кейінге қалдыру, негізінен, оның мұндай шараларға қатысуына тыйым салынды деген сөз емес. Оның үстіне ол пробация қызметінен рұқсат алған.

    Жалпы кейінге қалдыруға қатысты айтарым, 16 шілдеде қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізілді. Бұрын жазаны өтеуді кейінге қалдыруға рұқсат беру не бермеу соттың еркі бойынша шешілетін. Енді кейінге қалдыруға рұқсат беруді сот шешуге міндетті.

    Алайда жаза мерзімін өтеуді кейінге қалдыру ауыр және аса ауыр қылмыстарға — терроризмге, экстремизмге, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне, кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық әрекеттерге қатысты қолданылмайды", - деді Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев.

    Пара алғаны үшін сотталған Бақытгүл Хаменова неге тойда жүр: бас прокурордың орынбасары пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.