jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Германиядан экстрадицияланады

    Мақсат Дүйсенов
    Мақсат Дүйсенов. Фото: azh.kz

    Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев сенат кулуарында Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновтің ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Мақсат Дүйсенов Германияда экстрадициялық қамауда отырғанын хабарлады.

    "Бұқаралық ақпарат құралдарының жазғандары шындыққа жанаспайды. Экстрадиция процесі басталды. Тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз. Германия тарабынан бас тарту туралы ақпарат алған жоқпыз. Яғни біз оны экстрадициялау бойынша жұмыс істеп жатырмыз", - деді ол.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін халықаралық іздеуде болған Мақсат Дүйсенов Германияның Фюрт қаласында ұсталғанын хабарлағанбыз.

    "Юрист" ақпараттық-құқықтық жүйесіндегі мәліметке сәйкес, Мақсат Дүйсенов 2018 жылғы қаңтардан 2018 жылғы тамызға дейін Қазақстанның бас көлік прокурорының бірінші орынбасары болған.

    Ал 2018 жылғы тамыздан 2019 жылғы сәуірге дейін Қазақстанның бас көлік прокуроры қызметін атқарған.

    Бұдан бөлек, Мақсат Дүйсенов ІІМ органдарында, Қаржы полициясында, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде жұмыс істеген.

    Сондай-ақ ол ҚР Қауіпсіздік кеңесінің сектор меңгерушісі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасары болған.

    ІІ дәрежелі "Құрмет" және "Айбын" ордендерімен марапатталған.

    Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Германиядан экстрадицияланады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.