Қостанай облысында тойдан кейін 86 адам уланып қалды: санитариялық қызмет мамандары оның себебін айтты
Опубликовано:
Читать на русском
Арқалықта тойдан кейін 86 адам медициналық көмекке жүгінген. Санитариялық дәрігерлер жаппай уланудың себебін анықтады, деп хабарлайды облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасарына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлім Досымова 86 адамның 16-сы тойға қатыспағанын, бірақ тойдан әкелінген сарқыттан ауыз тигенін атап өтті.
Барлығы 83 адам ауруханаға жатқызылды, қазір ауруханада бір ғана науқас қалды.
Санитариялық қызмет мамандары оқиғаның себебін айтты: жағындыларды талдау кезінде ішек таяқшалары табылған, ал екі қызметкерден сальмонелла анықталған.
Жеті жағындыдан ішек таяқшалары тобының бактериялары табылғаны нақтыланып отыр, бұл мекеменің санитариялық-гигиеналық жағдайының төмен екенін көрсетеді.
Сондай-ақ қызметкерлердің жеке медициналық кітапшасыз жұмыс істегені, ас үйде гигиеналық талаптар бұзылғаны анықталды.
Полиция істі "Санитариялық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзу" бабы бойынша тергеп жатыр.
"Алдын ала болжам бойынша инфекцияның ошағы Salmonella enteritidis инфекциясы табылған дәмхана қызметкерлері болуы мүмкін. Болжам бойынша жұқтыру факторы – тойда тұтынылған тағам. Мекеменың санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы ережелерді бұзуы инфекцияның таралуына ықпал етті", - деді Досымова.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2304959-qostanai-oblysynda-toidan-keiin-86-adam-ulanyp-qaldy-sanitariialyq-qyzmet-mamandary-onyng-sebebin-aitty/