jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Астанада ерекше балалардың ата-аналарына қатысты даулы видеодан кейін блогер ұсталды

    Блогер
    Видеодан скриншот: Астана полиция департаменті

    Астанада желіде тараған даулы видеодан кейін блогер ұсталып, полицияға жеткізілді, деп хабарлайды елордалық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Поицияның мәліметінше, интернет-кеңістігінде блогердің ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-аналарына қатысты әдепсіз және қорлайтын сөздер айтқан видеосы тараған.

    Бұл дерек бойынша әкімшілік іс қозғалған. Видео авторы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген.

    "Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша жиналған материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі.

    Астана қаласының полиция департаменті желіде адамның жеке басына қатысты балағат, қорлау сипатындағы сөздер айтып, тарату қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптылыққа әкеліп соғатынын ескертеді.

    Мұндай құқықбұзушылықтар заң аясында қатаң түрде тоқтатылады.

    Азаматтарды контент жариялауда жауапкершілік танытуға, басқа да адамдардың құқықтары мен сезімдерін құрметтеуге, сондай-ақ қоғамдық мораль мен этика нормаларын сақтауға шақырамыз", - делінген хабарламада.

    Астанада ерекше балалардың ата-аналарына қатысты даулы видеодан кейін блогер ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.