jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Астанада жас жігітті түнгі клубтың жанында пышақтап кеткен: екі адам ұсталды

    пышақ
    Пышақ ұстап тұрған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Астанада 18 жастағы жігіт түнгі клубтың жанында пышақ жарақатынан көз жұмды. Полиция екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

    "Полиция қызметкерлері екі күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Алдын ала мәлімет бойынша, түнгі клуб маңында жас жігіттер арасындағы дау-дамай төбелеске ұласқан. Соның салдарынан 18 жастағы жігіт алған жарақатынан қайтыс болды", - делінген полиция хабарламасында.

    Қазіргі уақытта тергеп-тексеру жұмысы жүргізілуде. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

    "Ойын-сауық орындарына барған кезде қоғамдық тәртіпті сақтау және жанжалдан аулақ болу қажет. Кез келген заңсыз әрекет заң арқылы жазаланады", - деп еске салады полиция қызметкерлері.

    Астанада жас жігітті түнгі клубтың жанында пышақтап кеткен: екі адам ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.