jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Шымкенттегі 21 жастағы қыздың өлімі: ІІМ мәлімдеме жасады

    полиция қызметкері
    Полиция қызметкері. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ішкі істер министрлігі Шымкентте болған 21 жастағы қыздың өліміне байланысты қызметтік тексеру тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Шымкент қаласында қызды өлтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрлігінің бақылауында.

    Шымкент қаласы полиция қызметкерлері тарапынан уақтылы шаралар қабылданбауы мүмкін деген пікірлер мен уәждер бойынша қызметтік тексеру тағайындалды.

    Қазіргі уақытта күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Ең тәжірибелі қызметкерлер қатарынан арнайы тергеу-жедел тобы құрылды", - делінген хабарламада.

    ІІМ-нің мәліметінше, қылмыстық іс аясында жүргізіліп жатқан тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша күдіктінің барлық әрекетіне құқықтық баға беріледі.

    "Жедел-тергеу іс-шаралар кешені жалғасып жатыр, оның барысында барлық түскен мәлімет, соның ішінде бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар мұқият тексеріліп, талдануда.

    Ішкі істер министрлігі кез келген қатыгездік көріністеріне тосқауыл қойып, кінәлі адам тиісті жазасын алуы үшін заңда көзделген барлық шараны қабылдайды", - делінген хабарламада.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шымкентте пышақ жарақатынан қаза тапқан қыздың өліміне қатысты тергеу жүріп жатқаны белгілі болған еді.

    Қалалық полиция күдіктінің жеке басы анықталғанын, оны ұстау үшін барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатқанын, алдын ала мәліметке сәйкес, ол марқұммен бұрын таныс болғанын мәлімдеді.

    Кейін күдікті қала аумағынан 10 шақырым жерде ұсталды.

    Сонымен қатар полиция оның сот санкциясымен қамауға алғанын мәлім етті.

    Шымкенттегі 21 жастағы қыздың өлімі: ІІМ мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram