jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Батареяға байлап қойған: Жетісуда баласын ұрды деген әйел қамауға алынды

    Түрме
    Түрме. Көрнекі фото: Рolisia.kz

    Жетісу өңірінде зардап шеккен баланың анасы қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ведомство өкілдері NUR.KZ тілшісіне әйелдің қамауға алынғанын растады.

    Сондай-ақ іс Қылмыстық кодекстің 110-бабы "Азаптау" бойынша тергеліп жатқаны белгілі болды.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жаркентте баласын ұрып-соқты деген күдікпен әйел ұсталғаны хабарланған. Қазір балалар отбасын қолдау орталығына орналастырылған.

    Оқу-ағарту министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінше, баласын батареяға байлап, ұрып-соқты деген анаға қатысты тергеу жүргізілуде. Қамқоршылық және қорғаншылық органдары оны ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарастырады.

    Батареяға байлап қойған: Жетісуда баласын ұрды деген әйел қамауға алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram