jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шымкентте тағы бір адам пышақ жарақатынан көз жұмды: күдіктіні ұстау үшін полиция қару қолданды

    полиция қызметкері
    Полиция қызметкері. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Кеше Шымкент тұрғыны кісі қолынан қаза тапты. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

    "Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті бас араздық себебінен жәбірленушіге пышақпен шабуыл жасаған, салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмған. Оқиғаны полицияға куәгерлер хабарлап айтты", - дейді Шымкент полиция департаменті өкілдері.

    Ведомство мәліметінше, полиция күдіктіні оқиға болған жерден ұстады.

    "Қарулы күдікті ұстау барысында қарсылық көрсетті, сондықтан заң талаптарына сәйкес полиция қызметкерлері оған қарсы қызметтік қару қолданды.

    Күдікті медициналық мекемеге жеткізіліп, қамауға алынды", - деді Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

    Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған бірқатар қажетті тергеу іс-шарасы жүргізілуде.

    Айта кетейік, бұған дейін Шымкенттегі 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өлімі қоғамды дүр сілкіндірген еді. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

    Шымкентте тағы бір адам пышақ жарақатынан көз жұмды: күдіктіні ұстау үшін полиция қару қолданды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.