jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    ШҚО-да екі жоғары лауазымды тұлға қамауға алынды

    Қолы кісендеулі ер адам
    Қолы кісендеулі ер адам. Иллюстрациялық фото: Greg Pease/Getty Images

    ШҚО-да екі жоғары лауазымды тұлғаға қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҰҚК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, ҰҚК Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

    Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы пара алды және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталған.

    "Оның жол құрылыс компаниялары және автобус парктерінің өкілдерінен 134 млн теңге сомасына заңсыз сыйақы алғаны анықталды. Тінту барысында тұрғын үйінен 121,9 млн теңге және 97,7 мың доллар тәркіленген", - делінген хабарламада.

    Сондай-ақ осы өңірдің білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалған.

    "Ол мұғалімдердің мемлекеттік аттестаттаудан өтуіне жәрдемдескені үшін жүйелі түрде ақшалай қаражат алған", - делінген хабарламада.

    Сот санкциясымен күдіктілер қамауға алынған.

    Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

    ШҚО-да екі жоғары лауазымды тұлға қамауға алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram