jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "3,5 млрд теңге пайда тапқан": Ұлытауда марганец кенін заңсыз өндіріп, шетелге сатқан адам сотталды

    сот үкімі
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Ұлытау облысының прокуратурасы Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп, облыс аумағында марганец кенін заңсыз өндірудің қылмыстық схемасын анықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыс прокуратурасына cілтеме жасап.

    Құзырлы орган мәліметінше, Қостанай облысының 50 жастағы тұрғыны 2020–2023 жылдар аралығында жер қойнауын пайдалануға лицензиясы мен келісімшарты болмағанына қарамастан "Шығыс Қаражал" кен орнында марганец кенін заңсыз өндірген. Сонымен қатар қолма-қол ақшаға айналдыру және жалған мәмілелер жасасу арқылы пайдалы қазбаларды сатудан түскен ақшалай қаражатты заңдастырған.

    Аталған кезеңде 16 мың тоннадан астам кен жөнелтіліп, мемлекетке 1,3 млрд теңгеден астам залал келтірілген.

    Қылмыстық қызметтің нәтижесінде және өңделген темір-марганец кенін ел ішінде және шетелге сату арқылы 3,5 млрд теңгеден астам пайда тапқан.

    Ұлытау облысы сотының үкімімен кінәлі адам 5 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылып, жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметпен айналысу құқығынан 5 жыл мерзімге айырылды. Мемлекет кірісіне 4,8 млрд теңге өндіріліп, сондай-ақ қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған 3 жеңіл және 2 жүк автокөлігі тәркіленді.

    Сот үкімі заңды күшіне енді.

    "3,5 млрд теңге пайда тапқан": Ұлытауда марганец кенін заңсыз өндіріп, шетелге сатқан адам сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.