jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Семейде әлдекімдер 20-ға жуық мысықты жол жиегіне тастап кеткен: көбі аязда үсіп қалды

    мысықтар
    Мысықтар. Видеодан кадр: Astana TV

    Cемей маңындағы тас жолға белгісіз біреулер 20-ға жуық мысықты тастап кеткен, олардың көбі аязда үсіп қалды. Абай облысы полициясы кінәлілерді анықтап жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

    Телеарна мәліметінше, Семей маңындағы тас жол жиегінен 20-ға жуық мысық пен марғау табылды. Кейбірі суықта үсіп қалған, жетеуі аман қалды. Куәгерлердің айтуынша, мысықтар жолдың шетінен табылған.

    Мысықтардың кейбірі қораптарға, енді бірі қапқа салынған. Полиция қызметкерлері тексеруді қолға алды.

    "Семей - Қарауыл тас жолының тоғызыншы шақырымындағы тас жол бойында мысықтар салынған қораптар табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, бес мысық өліп қалған. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

    Тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде, бейнебақылау жазбалары да қаралып жатыр, оқиғаға қатысы бар адамдар анықталуда", - деп хабарлады Абай облыстық полиция департаменті өкілі.

    Бұл оқиға жергілікті қоғам белсенділерін дүр сілкіндірді. Телеарна мәліметінше, олар қаладағы үйсіз жануарлар паналайтын мекеменің бірінде жануарлар қатыгездікпен жойылған болуы деген жорамал жасап отыр.

    Полиция оқиғаның барлық мән-жайы мен қатысы бар адамдар анықталғаннан кейін іс жария етілетінін мәлімдеді.

    Семейде әлдекімдер 20-ға жуық мысықты жол жиегіне тастап кеткен: көбі аязда үсіп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.