"Батареяға байлап ұрған": Жетісуда баласын ұрып-соқты деген анаға қатысты сот үкімі шықты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Жетісу облыстық соты өз баласын аяусыз ұрып-соққан әйелге үкім шығарды. Ол ақыл-есі кем деп танылып, мәжбүрлі емдеуге жіберілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ KTK телеарнасына cілтеме жасап.
Телеарнаның мәліметінше, Жетісу облысында өз баласын ұрып-соғып, батареяға байлап қойған 28 жастағы әйелге қатысты сот үкімі шықты. Ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
Оқиға бір ай бұрын Жаркентте болған еді. Желіде баласын жылу батареясына байлап, ұрып-соққаны түсірілген видео тараған. Бұл сәтті отбасының танысы баланың әкесінің өтініші бойынша телефонына түсіріп алған. Кейін ер адам әйелін полицияға тапсырды. Екі бала Талдықорғандағы отбасын қолдау орталығына жіберілді.
Сот-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша әйелдің ақыл-есі кем екені және өз әрекетінің айналаға қаупін түсінбейтінін анықтады. Әйел мәжбүрлі емдеуге жіберілді.
"Сараптама әрекет жасалған кезде сотталушы оның нақты сипаты мен қоғамға қауіпті екенін түсіне алмағаны анықтады. Осыны ескере отырып, сот сотталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатып, оған жалпы психиатриялық ауруханада мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық мәжбүрлеу шарасын тағайындады", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі өкілдері.
Дереккөз: KTK
Еске сала кетейік, биыл қаңтарда Жаркентте өз баласын ұрып-соқты деген күдікпен әйел ұсталған болатын. Балалар уақытша отбасыны қолдау орталығына орналастырылды.
Оқу-ағарту министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінше, Қамқоршылық және қорғаншылық органдары оны ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарастырады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2344878-batareiaga-bailap-urgan-zhetisuda-balasyn-uryp-soqty-degen-anaga-qatysty-sot-ukimi-shyqty/