Қызылордада жас жігіт соққыға жығылды: оқиғаға қатысты полиция түсінік берді (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Желіде "Қызылордада болған жағдай" делінген видео жарияланды. Кадрға жас жігітті бір топ жасөспірім ұрып-соғып жатқан сәт ілінген. Облыстық полиция департаменті өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Оқиға 18 ақпанда сағат кешкі 21:00 шамасында болды. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше жасөспірім жас жігітке шабуыл жасап, оны ұрып-соғып, қашып кеткен", - деп жазады Telegram желісіндегі "Криминальный Казахстан"арнасы.
Қызылорда облыстық полиция департаменті өкілдерінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, полиция бұзақылық фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғады.
Оқиғаға қатысы бар адамдар жедел анықталып, полицияға жеткізілді.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
"Барлық тергеп-тексеру әрекеті қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.
Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.
Қылмыстық істі тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деді департаменттің баспасөз қызметі өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2345493-qyzylordada-zhas-zhigit-soqqyga-zhygyldy-oqigaga-qatysty-politsiia-tusinik-berdi-video/