"Баланың қолын бұраған": Алматыда түзету орталығының қызметкері қамауға алынды
Жарияланған күні:
Алматыдағы түзету орталығының қызметкеріне қатысты бала құқығына қайшы әрекет фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Болған жағдай видеоға түсіп қалған. Бейнежазба желіде тарады. Кадрлардан ересек адамның баланың қолын бұрап жатқан сәтін көруге болады. Бала сол сәтте босап шығуға тырысып, айғайлаған. Бұл жайт туралы блогерлердің бірі Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
Полиция мәліметінше, жедел-тергеу іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Бейнебақылау камераларының жазбалары зерделеніп, куәлар мен іске қатысы бар өзге де тұлғалардан жауап алынуда", - дейді ПД өкілдері.
Тергеу барысы Алматы қаласы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Тергеу қорытындысы бойынша күдіктінің әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2350158-balanyng-qolyn-buragan-almatyda-tuzetu-ortalygynyng-qyzmetkeri-qamauga-alyndy/