jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматы облысында стоматологиялық клиникалардың директоры алаяқтық фактісі бойынша күдікке ілінді

    Тіс емдеу бөлмесі
    Тіс емдеу бөлмесі. Көрнекі фото: piqsels.com

    ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында стоматологиялық қызмет көрсету кезінде жасалған алаяқтық дерегі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Агенттіктің Telegram-дағы ресми арнасының хабарлауынша, жеке стоматологиялық клиникалардың директоры Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен жалпы сомасы 450 млн теңгеден асатын медициналық қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасқан.

    Шарт талаптарына сәйкес клиникалар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша азаматтарға шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсетуге міндеттенген.

    Алайда клиникалардың директоры Damumed жүйесіне ортодонтиялық қызметтер көрсетілгені туралы жалған мәліметтер енгізді деген күдікке ілінді. Ведомство мәліметінше, шындығында пациенттерге аталған медициналық қызметтер көрсетілмеген.

    "Заңсыз әрекеттеріне заңдылық сипат беру мақсатында күдікті дәрігерлердің есептік жазбаларын, сондай-ақ клиникаларға бұрын жүгінген кәмелетке толмаған пациенттердің жеке деректерін рұқсатсыз пайдаланған.

    Нәтижесінде 4 597 ортодонтиялық көмек көрсету жағдайы расталмағаны анықталды", - делінген хабарламада.

    Келтірілген залал сомасы – 66 млн теңге.

    Сот санкциясымен банк шоттарындағы 23 млн теңге көлеміндегі қаражатқа, сондай-ақ құны 29 млн теңгеге стоматологиялық жабдықтарға тыйым салынды.

    Тергеу барысында күдікті 11 млн теңге көлемінде залалды өтеген.

    Оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

    Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

    Алматы облысында стоматологиялық клиникалардың директоры алаяқтық фактісі бойынша күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.