jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ақтауда мектеп оқушылары арасында болған жанжал төбелеске ұласты

    Ақтаудағы оқиға
    Ақтаудағы оқиға. Видеодан кадр: instagram.com/cenzura_aktau

    Ақтауда мектеп оқушылары төбелесті. Оқиға орнында түсірілген видеолар желіде тарады. Маңғыстау облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Желіде оқушылар тобы түскен кадрлар жарияланды, олардың қатарында ұлдар да, қыз балалар да бар. Видеодан жағдайға қатысты ойын айтып, сөз арасында бейәдеп сөйлеген оқиға куәгерлерінің дауысын естуге болады.

    Маңғыстау облыстық полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде анықталғанын айтты.

    2026 жылдың 4 наурызында шамамен сағат 13:20-да Ақтаудағы мектептердің бірінің жанында кәмелетке толмаған оқушылар арасында жанжал туындап, оның арты төбелеске ұласқаны анықталды.

    "Тексеріс барысында мектептің 10 жастағы оқушысы төбелеске қатысқаны анықталды. Оның заңды өкіліне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

    Бұл оқиғаға қатысты ешқандай мәлімдеме немесе шағымдар түскен жоқ, ешкім медициналық көмекке жүгінген жоқ. Қазіргі уақытта басқа кәмелетке толмағандарды анықтау жұмыстары жүргізілуде", - деді департаменттің баспасөз қызметі өкілдері.

    Ақтауда мектеп оқушылары арасында болған жанжал төбелеске ұласты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.