jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Көкшетауда автобус есігіне қысылып қалған оқушы қыз ауыр жарақат алды

    Автобус салоны
    Автобус салоны. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Көкшетауда оқушы қыз автобус есігіне қысылып, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

    Алдын-ала мәлімет бойынша, жеткіншек қоғамдық көліктен түсіп жатқан сәтте есік кенет жабылып, оқушының қол сүйегі сынған. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері "Жол жүрісі қағидаларын немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазір оқиғаның мән-жайы жан-жақты анықталып жатыр.

    "Аталған факті бойынша "Көлік құралдарын басқаратын тұлғалардың жол қозғалысы ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер маршруттық автобустың жүргізушісін анықтады. Ол – 65 жастағы ер адам. Қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесіне сәйкес тиісті процессуалдық шешімдер қабылданады", - деді полиция департаментінің аға инспекторы Алмагүл Тұрсымбаева.

    Көкшетауда автобус есігіне қысылып қалған оқушы қыз ауыр жарақат алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.