"Мирамгүл мен Наурыз тірі деп үміттендік": Атырауда кісі қолынан қаза тапқандардың денелері сараптамаға жіберілді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Атырауда кісі қолынан қаза тапқан Мирамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиевтің денелері сот-медициналық сараптамаға тапсырылды. Бұл туралы олардың туыстары айтты, деп хабарлайды "Ақ Жайық".
Кісі қолынан қаза тапқан екі адамның жақын туыстарының айтуынша, Атырау облыстық полиция департаментінің қызметкерлері отбасына олардың денелері Геолог ауданындағы үйдің жанынан табылғанын мәлімдеген. Дәл сол жерде күдікті айына шамамен 50 000 теңгеге үй жалдап тұрған.
"Әрине, біз үшін өте қиын жағдай. Оның ұсталғанын білгенде Мирамгүл мен Наурыз тірі деп үміттендік. Бірақ кеше бізге олардың да о дүниелік болғанын айтты. Денелер қазір мәйітханаға жіберілді, онда сараптама жүргізіледі. Бізге денелерді кешке дейін береміз деп уәде берді, содан кейін біз оларды жер қойнына тапсырамыз", - деді отбасының туысы Шалқар Мұқанғалиев.
Туыстарының айтуынша, олар Жангелдин ауылында, ата-аналарының жанына жерленеді деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар отбасының туыстары күдіктінің әйелі Ақбаян Мұқанғалиеваның қазіргі уақытта психологиялық қолдау орталығында екенін және медициналық және психологиялық көмек алып жатқанын хабарлады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз