jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Атырауда кісі қолынан қаза тапқан отбасы: оқиғаға қатысты жаңа деректер айтылды

    күдікті
    Күдікті. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Атырау облысындағы Жангелдин ауылында жұмбақ жағдайда жоғалған отбасы мүшелеріне қатысты тың деректер шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

    Телеарнаның хабарлауынша, күдікті алдымен Наурыз Мұқанғалиевті, кейіннен ата-енесін, сосын Мейрамгүл Қарабалинаның өмірін қиған болуы мүмкін. Сондай-ақ күдікті қылмысты алдын ала жоспарлап, мәйіттерді өзі жалдап тұрған үйдің ауласына көміп, барлық қан ізін жасырған деген дерек айтылды.

    Министрлік таратқан видеода полицейлердің марқұм Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаның мүрдесін қазып алып жатқан сәті көрсетілген. Күдікті мәйіттерді Мұнайшы ықшамауданындағы өздері жалдап тұрған пәтердің іргесіне көмген. Сүйектердің қайда жатқанын күдіктінің өзі айтқан. Белгілі болғандай, ол ата-енесі мен қос бауырды өлтіру үшін алдын ала жоспар құрып, барлық айғақ-дәлелдің ізін жасырмақ болған. Ол кінәсін толық мойындапты. Ал оның бұрынғы әйелінің бұл іске қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Психикалық жағдайын анықтау мақсатында оған арнайы сараптама тағайындалып, медициналық мекемеге жеткізілді.

    "Ішкі істер министрлігі Индонезия Республикасының әріптестерімен бірлесе отырып Атырау облысында отбасын өлтірген күдіктіні ұстады. Ол Қазақстанға жеткізіліп, қамауға алынды. Жедел тергеу шаралары нәтижесінде қаза тапқандардың мәйіттері табылды. Күдікті кінәсін толық мойындады. Қылмыстық іс екі немесе одан да көп адамдарды өлтіру бабы бойынша жүргізілуде", - деді ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

    Полицияның дерегінше, күдіктінің қылмысқа баруына ұзақ мерзімге ұласқан отбасылық-тұрмыстық дау себеп болған. Қазір марқұмдардың денесін тану үшін сараптама тағайындалып, тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

    Еске салсақ, дүйім елдің жағасын ұстатқан оқиға былтыр желтоқсанда болған. Ерлі-зайыпты зейнеткерлердің денесі өз үйінің ауласындағы сарайдан 6 қаңтарда табылған.

    Атырауда кісі қолынан қаза тапқан отбасы: оқиғаға қатысты жаңа деректер айтылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.