jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Атырауда жоғалған отбасының ұлы мен қызының мүрдесінен үшкір заттан алған жарақаттар анықталған

    Мирамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиев
    Мирамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиев. Фото: azh.kz

    Атыраудағы "Геолог" ықшам ауданында үй іргесінен табылған Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаның мүрдесінен үшкір заттың іздері байқалған, деп хабарлайды "Қазақпарат".

    Бұл туралы облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құттыбай Садықов мәлімдеді.

    Оның айтуынша, марқұмдардың нақты неден және қашан көз жұмғаны сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.

    "Мүрделерде үшкір заттан болған жарақаттар бар. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді Құттыбай Садықов.

    Еске салайық, жуырда полиция Атырау облысы Жангелдин ауылында бүтін бір отбасының өліміне күдіктіні тергеу әрекеттері үшін оқиға орнына апарған. Күдікті тергеушілерге қылмысты қалай жасағанын көрсеткен.

    Алдын ала мәліметке сәйкес, ол ата-енесін өлтіріп, ауладағы сарай ішінде тереңдігі шамамен 1,5 метр шұңқыр қазып, денелерді сол жерге көміп кеткен. Үстіне диван қойып, ізін жасырмақ болған. 29 жастағы күдікті бұрынғы әйелінің бауырлары Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаны қаладағы жалдап тұрған үйінің іргесіне көмген. 

    Атырауда жоғалған отбасының ұлы мен қызының мүрдесінен үшкір заттан алған жарақаттар анықталған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.