Рахат Тұрлыханов отбасылық жанжалдан кейін полиция бөліміне жеткізілді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Желіде әнші Рахат Тұрлыхановтың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұған қатысты Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Telegram-дағы "Криминальный Казахстан" арнасы Тұрлыхановтың 15 наурызда әйеліне қол көтерді деген күдікпен қамауға алынғаны туралы жазба жариялады.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты NUR.KZ тілшісіне түсініктеме берді.
"Алматы қаласы Медеу ауданында түскен қоңырау бойынша полиция қызметкерлері отбасылық жанжалға қатысы бар тұлғаларды аудандық полиция бөліміне жеткізді.
Тексеру барысында әйел бастапқыда өзіне қарсы физикалық күш қолданылғанын, бірақ кейіннен соққы жасалғанын жоққа шығарып, отбасылық жанжалға қатысты шағым түсірді", - деп мәлімдеді департамент өкілдері.
Қарау нәтижелері бойынша ер адамға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Айта кету керек, әнші Рахат Тұрлыханов бұған дейін 10 тәулікке қамауға алынған. Құқық бұзушылық 2023 жылдың соңында тіркелген: ол үйде әйелімен арадағы жанжал кезінде оған дене жарақатын келтірген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2354677-rahat-turlyhanov-otbasylyq-zhanzhaldan-keiin-politsiia-bolimine-zhetkizildi/