jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығы оқ жарақатынан көз жұмды

    әскери бөлім
    Әскери бөлім. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Жамбыл облысындағы әскери бөлімде оқ атылып, салдарынан қарауыл бастығы көз жұмғаны туралы желіде ақпарат жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Telegram-дағы SHYNDYK.KZ арнасының хабарлауынша, Жамбыл облысында ведомстволық күзет атқышы абайсызда мылтықтан оқ атып, ол қарауыл бастығына тиген.

    "Екеуі де әскери қызметші емес, ІІМ Әскери-тергеу басқармасының қызметкерлері. Жараланған адам ауруханаға жеткізілді, бірақ оны аман алып қалу мүмкін болмады", - делінген жазбада.

    Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу басқармасы NUR.KZ тілшісіне қайғылы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

    "Жамбыл облысында әскерилендірілген күзет қызметі азаматтық қызметкерінің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

    Оқиғаның мән-жайы барлық қажетті тергеу әрекетінің нәтижелері мен бірқатар процессуалдық шара негізінде анықталады", - дейді ведомство өкілдері.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram