jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматыда Санжар Боқаев ұсталды

    Санжар Боқаев
    Санжар Боқаев. Видеодан скриншот: instagram.com/sanzhar_bokayev

    Бүгін, 18 наурызда қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізу аясында Алматыда қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды, деп хабарлайды Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Бас прокуратураның Telegram-дағы арнасында жарияланған мәлімет бойынша, Санжар Боқаев жалған ақпарат тарату және қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желілерде жекелеген тұлғалардың қоғамдық саябақ аумағында ағаштарды заңсыз кесуі және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлауы туралы бейнематериалдарды орналастырды деген күдікке ілінген.

    "Тергеу деректеріне сәйкес, Санжар Боқаев аталған қылмыстарды ұйымдастырып, қаржыландырған. Ол үшін табысы төмен адамдарды тартып, оларға ақшалай сыйақы беру арқылы ағаш кесу мен ұрлық жасауға тапсырма берген", - делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада.

    Сондай-ақ ол аса ірі мөлшерде қаржы қаражатын алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке ілінген.

    Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

    Алматыда Санжар Боқаев ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.