jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыда "ҚазТАГ" агенттігінің басшысы Әсет Матаев ұсталды

    Әсет Матаев
    Әсет Матаев. Фото: facebook.com/Asset Matayev

    "ҚазТАГ" ақпарат агенттігінің директоры Әсет Матаев ұсталды. Бұған қатысты Алматы полиция департаменті түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Оның ұсталғаны туралы хабар Telegram желісіндегі Kozachkov offside арнасында жарияланды.

    "Кеше түнде Алматыда "ҚазТАГ" ақпарат агенттігінің иесі Әсет Матаев ұсталды. Менің қолымдағы дерек бойынша, ол бұзақылық жасады деген күдікке ілінген", - делінген жазбада.

    Полиция оқиғаның мән-жайын түсіндіре келе, кеше түнде Алматы қаласы Медеу ауданында ер адамдар арасында "бұзақылыққа ұласқан" жанжал болғанын растады.

    "Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға қатысы бар азаматтар М. мен Р. алкогольге мас күйде ойын-сауық мекемесінен шыққаннан кейін жанжалдасып қалған, оның соңы төбелеске ұласқан.

    Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бардың бәрін ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Қазіргі уақытта тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде. Әрқайсысының әрекеті заңдық тұрғыда бағаланады. Ал полицияның принципке сай ұстанымы – кез келген агрессия мен қоғамдық тәртіпсіздікті, әсіресе мас күйде жасалған әрекеттерді қатаң тоқтату", - деді департамент өкілі.

    Алматыда "ҚазТАГ" агенттігінің басшысы Әсет Матаев ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.