jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жақсылық Омарға қандай айып тағылғаны белгілі болды

    Жақсылық Омар
    Жақсылық Омар. Фото: facebook.com/zhaksylyk.omar

    Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қандай айып тағылғаны белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Сот кабинетінде жарияланған мәліметке сүйенсек, шенеунікке екі бап бойынша айып тағылған: ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 1, 2-тармақтары (Ірі көлемдегі алаяқтық) және 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (Ірі көлемде пара алу).

    Қазіргі уақытта Жақсылық Омар қамауда отыр. Іс Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында ашық және қысқартылған тәртіппен қаралады.

    Негізгі сот талқылауы бүгін, 19 наурыз сағат 15:00-ге белгіленген.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.

    Өңір әкімдігі аталған тұлғаға қатысты қандай да бір ақпарат жоқ екенін, қолда бар деректерге сәйкес, мемлекеттік қызметші денсаулық жағдайына байланысты еңбек демалысын алғанын хабарлады.

    Кейінірек ҰҚК шенеунікке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

    Жақсылық Омарға қандай айып тағылғаны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.