jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Долларға толы рюкзак: ҚМА бұрынғы вице-министрлерге қатысты істің егжей-тегжейін жария етті

    Рюкзак
    Тәркіге алынған рюкзак. Кадр: t.me/afm_rk

    Алматы бойынша ҚМА департаменті "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ және "Бірінші кредиттік бюро" ЖШС басшылығына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚМА-ға сілтеме жасап.

    Қаржы мониторингі агенттігінің ресми Telegram арнасындағы ақпаратқа сәйкес, оларға лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану және пара алу фактілері бойынша күдік тағылған.

    "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" – жеке тұлғалардың табыстары туралы деректердің бірыңғай мемлекеттік операторы. Бұл мәліметтер қарыз алушылардың төлем қабілетін бағалау кезінде кредиттік бюролар мен қаржы ұйымдары үшін аса маңызды және оның баламалы заңды көзі жоқ.

    Аталған деректердің негізгі пайдаланушылары "Мемлекеттік кредиттік бюро" (МКБ) мен "Бірінші кредиттік бюро" (БКБ).

    2020 жылы Еңбек ресурстарын дамыту орталығының бұрынғы президенті Д.Р. Аргандыков Бірінші кредиттік бюроның бас директоры Р.Ж.Омаровпен заңсыз келісім жасасып, соның нәтижесінде Бірінші кредиттік бюроға қосымша 5 пайыз табыс алуға мүмкіндік берген.

    Егер Мемлекеттік кредиттік бюро көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінен 30 пайыз табыс алса, Бірінші кредиттік бюро бұрынғы 30 пайыздың орнына 35 пайызға дейін табыс ала бастаған. Осылайша, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының үлесі 70 пайыздан 65 пайызға дейін төмендеген.

    2025 жылдың басында Еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті болып А.Сарбасов тағайындалғаннан кейін де Бірінші кредиттік бюроның пайдасына көзделген бұл тең емес шарттар сақталған.

    Тергеу барысында Бірінші кредиттік бюроға өзге қатысушыларға қарағанда артықшылық беретін схема әшкереленді.

    Атап айтқанда, Аргандыков пен Омаровтың келісуімен Еңбек ресурстарын дамыту орталығы мен Бірінші кредиттік бюро арасындағы ақпарат алмасу арналарына сұраныстарды жедел өңдеуге мүмкіндік беретін арнайы сервис орнатылған.

    Ал Еңбек ресурстарын дамыту орталығы мен Мемлекеттік кредиттік бюро арасындағы жүйеге керісінше, сұраныстарды өңдеуді баяулататын зиянды бағдарламалық қамтамасыз ету енгізілген.

    Осының салдарынан мемлекетке, нақтырақ айтқанда Еңбек ресурстарын дамыту орталығына 2 млрд теңгеден астам залал келтірілген.

    2025 жылғы маусымда Аргандыков пен Омаровтың Сарбасовқа 75 мың АҚШ доллары көлемінде кезекті сыйақы бергені анықталды. Бұл қаражат Бірінші кредиттік бюроның заңсыз табыс табу схемасын сақтап қалу үшін берілген.

    Аталған тұлғалар ұсталды.

    Сот санкциясымен олардың 1 млрд теңгеден астам сомаға бағаланатын жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне, сондай-ақ бағалы қағаздарына тыйым салынды.

    Іс материалдары танысу үшін жолданды.

    Қазақстан Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

    Қазақстан Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

    Бақылау бейнежазбасынан көрініп тұрғандай, тұтқындау мекеменің ішінде жүргізілген. Тергеушілер рюкзак толы долларларды тәркіге алды.

    Еске сала кетейік, 2025 жылдың жазында ҚМА 75 000 доллар көлемінде пара беру кезінде келесі қызметкерлер ұсталғанын хабарлады:

    • Омаров, "Бірінші кредиттік бюросы" ЖШС бас директоры;
    • Сарбасов, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ басшысы, Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметін атқарған;
    • Аргандыков, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ бұрынғы басшысы, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі қызметін атқарған.

    Олардың үйлерін тінту кезінде 370 000 доллар және 4,5 миллион теңге көлемінде қолма-қол ақша тәркіленді. Барлығы қамауға алынды.

    Долларға толы рюкзак: ҚМА бұрынғы вице-министрлерге қатысты істің егжей-тегжейін жария етті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.