jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "250 км/сағ жылдамдықпен жүрген": Алматыда түнгі жарысқа қатысқан көлік жүргізушісі ұсталды

    Қызмет барысындағы полиция көлігі
    Полиция көлігі. Көрнекі фото: ІІМ баспасөз қызметі

    Алматыда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу, оның ішінде қауіпті жүргізу фактілері және түнгі жарыстар көбейген. Полиция департаменті өкілдері жол жүру ережесін бұзу жауапкершілігі туралы ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, жолдағы жағдайды тұрақтандыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында саптық бөлімшелер тарабынан рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

    Соңғы үш тәулік ішінде қала жолдарында 5 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды. Мас күйінде көлік жүргізген 43 жүргізуші ұсталып, барлығы көлік жүргізу құқығынан шеттетілді. Сонымен қатар 369 азаматтың көлікті тиісті құжаттарсыз басқарғаны белгілі болды. 94 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

    Полиция қызметкерлері қауіпті жүргізу, оның ішінде түнгі жарыс деректерін анықтап, жолын кесті. Бұдан бөлек жылдамдықты шамадан тыс арттырудың 2 мыңнан астам фактісі тіркелді.

    Ведомство мәліметінше, кейбір жүргізушілер құқық бұзушылық жағдайларын әдейі бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялау арқылы жазасыздық сезімін қалыптастыруға тырысады. Алайда әрбір осындай дерек бақылауда, құқық бұзушылар анықталып, заң аясында жауапкершілікке тартылады.

    "Соңғы резонансты жағдай Алматыда тіркелді. Жүргізуші әл-Фараби даңғылында автокөлікті сағатына 250 шақырым жылдамдыққа дейін үдеткен. Оның кім екені жедел анықталып, ұсталды. Оған қатысты бірнеше құқық бұзушылық фактісі бойынша әкімшілік материалдар рәсімделіп, сот шешімімен 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл – баршаға сабақ болатын жағдай. Барлық жүргізушіні жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қауіпті әрекеттерге ермеуге, адамдардың өміріне қауіп төндірмеуге шақырамын", - дейді ПД өкілі.

    "250 км/сағ жылдамдықпен жүрген": Алматыда түнгі жарысқа қатысқан көлік жүргізушісі ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.