jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізіледі

    оқиға
    Оқиға орнынан кадр: t.me/kris_p_almaty_kz

    Алматы Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов әл-Фараби даңғылында болған жантүршігерлік жол апаты туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жұртшылықпен кездесу кезінде түсірілген видео Instagram желісіндегі 100baksoff_almaty парақшасында жарияланды.

    "Полиция департаменті жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Zeekr көлігінің жүргізушісі қазіргі уақытта ауруханада емделіп жатыр. Ол әлі жансақтау бөлімінде жатқандықтан, тергеу жүргізілген жоқ.

    Палатаға ауыстырылғаннан кейін, бұлтартпау шарасы ретінде ол қамауға алынады. Ауруханаға түскен кезде жүргізушінің қаны алынды, бірақ нәтижелері әлі шыққан жоқ. Нәтижелер дайын болған кезде хабарлаймыз", - деді Қабдұлдинов.

    Ол полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізілетінін атап өтті.

    "Қызметкерлердің әрекеттеріне нақты құқықтық баға беріледі, егер қызметкерлер кінәлі болса, біз ең қатаң шаралар қолданамыз", - деді ПД бастығы.

    Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.