jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Желіде Наурыз мейрамына қатысты даулы видео тарады: бейнежазба авторы қамауға алынды

    кісен ұстап тұрған полицей
    Кісен. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Жақында әлеуметтік желіде ер адам Наурызды Қазақстанда тойлауға болмайтынын, себебі оны харам деп ойлайтынын айтып, видео жариялаған. Бейнежазба авторы ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Желідегі видеода ер адам Наурыз мерекесі "қазақтардың да, мұсылмандардың да мерекесі емес және оны Қазақстанда тойлауға болмайды" деп мәлімдеді. Видео әлеуметтік желіде тарап кетті.

    Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, полиция қызметкерлері діни араздықты қоздыру бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

    "Биыл 23 наурызда әлеуметтік желіге мониторинг жасау кезінде TikTok-та Наурыз мейрамына қатысты діни және этномәдени сипаттағы жария мәлімдеме жасалған бейнематериал анықталды", - деді департамент өкілдері.

    Жедел іс-шаралар барысында 1991 жылы туған азамат К. анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

    Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

    Айта кету керек, автор видеоны өшіріп, TikTok аккаунтын жойған.

    Желіде Наурыз мейрамына қатысты даулы видео тарады: бейнежазба авторы қамауға алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.