jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ақтауда арнайы операция кезінде төрт адам ұсталды

    ұстау операциясы
    Ұстау операциясы. Фото: Маңғыстау ПД баспасөз қызметі

    Ақтауда арнайы операция кезінде есірткіге қатысты бірнеше қылмыс бойынша күдікті төрт адам ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Маңғыстау облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Маңғыстау облысы бойынша есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің қызметкерлері Ақтауда жедел тергеу шараларын жүргізді.

    "Шара кезінде төрт адам ұсталды. Тінту және тексеру кезінде есірткі заты — марихуана (3 кг 700 грамм) тәркіленді. Сондай-ақ айғақ ретінде ұялы телефондар мен электрондық таразылар тәркіленді", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті өкілдері.

    Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

    Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді.

    Ақтауда арнайы операция кезінде төрт адам ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.