Шымкентте балаларына қатыгездік танытқан анаға жаза тағайындалды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Шымкентте өз балаларына қатыгездік танытты деп айыпталған әйелге қатысты азаматтық іс қаралды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Шымкент соттарының ресми Telegram арнасында хабарланғандай, балалардың анасы ата-ана құқығынан шектелді.
- Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шымкент білім басқармасының жауапкер Э.-ні ата-ана құқығынан шектеу және алимент өндіру талабы бойынша азаматтық ісі қаралды.
- Сот жауапкер Э. кәмелетке толмаған төрт баланың анасы екенін, әкелері қазіргі таңда шет елде жүргенін анықтады.
Жауапкер Э.-нің кәмелетке толмаған балаларына қатысты қатыгездік танытқаны анықталған. Балалардың әкесі болған мән-жәйлардан хабардар.
Сот "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің талаптарын және кәмелетке толмаған балалардың мүддесін негізге алып, білім басқармасының талабын қанағаттандырды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2358605-shymkentte-balalaryna-qatygezdik-tanytqan-anaga-zhaza-tagaiyndaldy/
