jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Астанадағы сауда орталығында жасөспірімдер жаппай төбелес шығарды (видео)

    "Көктал" сауда орталығындағы жаппай төбелес
    "Көктал" сауда орталығындағы жаппай төбелес. Фото: instagram.com/aktivniy_selinograd_talapker

    Әлеуметтік желіде Астанадағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде болған жаппай төбелестің видеосы таралып жатыр. Төбелеске кәмелетке толмағандар қатысқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Астанадағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде болған жаппай төбелестің видеосын Instagram-дағы aktivniy_selinograd_talapker паблигі жариялаған.

    "Куәгерлердің сөзінше, "Көктал" СО-да бір топ жігіт төбелес шығарып, шу болып, қоғамдық тәртіп бұзылған. Жанжал орталық қонақтарының назарына ілігіп, ғимаратқа келушілерге ыңғайсыздық тудырған.

    Қазіргі таңда зардап шеккендер туралы ақпарат және оқиғаның себептері нақтыланып жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - делінген хабарламада.

    Астана полиция департаменінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, полицейлер төбелес шығарған бір топ жігітті анықтаған.

    "Барлық қатысушы, арасында жасөспірімдер бар, Сарыарқа ауданы полиция басқармасына жеткізілді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Полиция ата-аналарға бала тәрбиесіне көп көңіл бөліп, сондай-ақ оларға қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау тәртібін түсіндіру қажеттілігін еске салады", - делінген хабарламада.

    Астанадағы сауда орталығында жасөспірімдер жаппай төбелес шығарды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.