Алматыда заңгер әрі блогер Молдахан Әділетхан ұсталды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматы полициясы адвокат әрі блогер Молдахан Әділетханның ұсталғанын растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Алматы қаласының полиция департаменті азамат М.-ға қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеп-тексеру амалдары жалғасуда", - деп полиция қысқаша түсініктеме берді.
Айта кетейік, блогердің парақшасына 1 миллиондай адам жазылған.
Ал оның профилінде азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша заңгерлік кеңес беретіні айтылған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2359661-almatyda-zangger-ari-bloger-moldahan-adilethan-ustaldy/