jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Талдықорғанда таныстар арасында төбелес шығып, салдарынан бір адам көз жұмды

    Жұдырық
    Жұдырық. Көрнекі сурет: Рixabay.com

    Талдықорғанда таныстар арасындағы төбелес кісі өлімімен аяқталды. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Жетісу облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

    "Алдын ала мәлімет бойынша, 30 наурызда кешке өзара таныс адамдар арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан. Осы жанжал кезінде жәбірленуші пышақ жарақатын алып, көз жұмды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

    ПД өкілдері күдікті оқиға орнынан қашып кеткенін атап өтті.

    Оқиға бойынша жүргізілген жедел-тергеу шараларының нәтижесінде күдікті ізі суымай анықталып, ұсталды.

    Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Барлық мән-жайлар анықталуда.

    Талдықорғанда таныстар арасында төбелес шығып, салдарынан бір адам көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.