jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    ІІМ тексерісінен кейін Атырау полициясында бірнеше жоғары лауазымды бастық қызметінен босатылды

    полиция қызметкері
    Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Атырауда Ішкі істер министрлігінің тексерісінен кейін заң бұзушылықтар анықталып, жоғары лауазымды бірнеше полиция қызметкері қызметінен босатылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

    Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ішкі істер министрлігі аумақтық бөлімшелерінің қызметіне үнемі жоспарлы түрде ішкі тексеріс жүргізіп отырады.

    "Қызметтік-әскери тәртіпті бұзудың анықталуына байланысты, сондай-ақ тиісті бақылаудың болмауына және жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмағанына байланысты Ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау полиция басқармасының бастығы, сондай-ақ Атырау облыстық полиция департаментінің Ішкі қауіпсіздік департаменті мен есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің бастықтары қызметтерінен шеттетілді", - деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.

    Ішкі істер министрі бірнеше рет атап өткендей, ведомство заңдылық пен қызметтік тәртіпті қамтамасыз ету үшін соның ішінде өз қатарында принципті жұмыстарды атқарып келеді және әлі де атқарады.

    "Бұл жұмыс жүйелі және бірізді сипатта", - дейді Ішкі істер министрлігі өкілдері.

    ІІМ тексерісінен кейін Атырау полициясында бірнеше жоғары лауазымды бастық қызметінен босатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.