"Тұншықтырып, жұлқылай бастады": Қарағандыда ойын алаңында балаға тиіскен адам видеоға түсіп қалды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қарағандыда ер адам ойын алаңында балаға шабуыл жасады. Оқиға видеоға түсіп қалған. Облыстық полиция департаменті жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Instagram-дағы "Реальная жизнь" парақшасындағы мәліметке сүйенсек, оқиға 12 сәуірде Трудовая көшесіндегі ойын алаңында болған.
"Балалар арасында әдеттегідей келіспеушілік туындады, бұл аулада жиі болатын жағдай. Алайда балалардың бірі ата-анасына қоңырау шалып, жағдай ушығып кетті. Оқиға орнына ересектер келді, ер адам мәселені сабырмен шешудің орнына бейтаныс балаға күш қолданды: алдымен оны тұншықтырып, содан кейін жұлқылады. Бала жерге құлап, тұншыға бастады", - делінген жазбада.
Қарағанды облыстық полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне әлеуметтік желіні мониторинг жасау кезінде Қарағандыдағы тұрғын үйдің ауласында кәмелетке толмаған бала мен ересек ер адам арасындағы жанжал түсірілген бейнежазба анықталғанын айтты.
Бұл факт бойынша полицияға ешқандай арыз түскен жоқ. Дегенмен полиция қызметкерлері оқиғаға қатысушылардың барлығын тез анықтады. Олар мән-жайды анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Қазіргі уақытта жанжал себептері мен жағдайды анықтау үшін кешенді тергеу жүргізілуде. Тергеу аяқталғаннан кейін әр тараптың әрекеті қолданыстағы заңнамаға сәйкес заңды түрде бағаланады.
Ведомство өкілдері кез келген жанжал тек заңнамалық тұрғыда шешілуге тиіс екенін атап өтті.
"Себептері мен жағдайларына қарамастан, заңсыз әрекеттерге баруға болмайды", - деп мәлімдеді Қарағанды облысының полиция департаменті өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2364992-tunshyqtyryp-zhulqylai-bastady-qaragandyda-oiyn-alangynda-balaga-tiisken-adam-videoga-tusip-qaldy/