jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ұлытау облысында ер адам көшеде соққыға жығылды

    соққы
    Соққы. Видеодан кадр: t.me/kriminal_kazakhstan

    Сәтпаев қаласының тұрғынын аяусыз ұрып-соққан сәт видеоға түсірілген. Оқиға Жастар көшесінде болғаны айтылды. Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ұлытау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазба бойынша тексеріс жүргізілді.

    "Жанжал Сәтпаевта 12 сәуірде кешкі уақытта екі автокөлік жүргізушісі арасында болғаны анықталды.

    Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы барлардың бәрін, соның ішінде жәбірленушіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

    Облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты бұрын полицияға ешқандай хабарлама түспегенін атап өтті.

    Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы белгіленуде.

    Тергеу нәтижелері бойынша оқиғаға қатысы бар адамның бәрінің әрекеттеріне заңға сәйкес құқықтық баға беріледі.

    Ескерту! Бұл бейнежазбада бейәдеп сөздер мен зорлық-зомбылық көріністері бар! Кәмелетке толмағандарға, сезімтал адамдарға немесе жүкті әйелдерге көруге кеңес бермейміз.

    Ұлытау облысында ер адам көшеде соққыға жығылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.