jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "91 млн теңге көлемінде қаражат алынған": Түркістан облысында заңсыз жымқыру фактілері анықталды

    Бума ақша
    Ақша. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Түркістан облысында әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатын заңсыз жымқыру фактілері анықталды, деп хабарлайды өңір прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Түркістан облысының прокуратурасы мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдарды тексеру барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қаражатты заңсыз алу және жұмсау фактілерін анықтаған.

    Ведомствоның мәліметінше, лицензиясыз консультациялық-диагностикалық қызметтерді сапасыз әрі тиісті деңгейде көрсетпеу жағдайлары белгілі болған.

    Мәселен, облыстағы жекеменшік клиникалардың бірінде рұқсат құжаттарынсыз "офтальмолог", "гастроэнтеролог", "аллерголог", "уролог", "психиатр", "гематолог", "генетик", "қан тамырлары хирургы", "нейрохирург", "нефролог", "инфекционист", "невропатолог", "эндокринолог", "хирург", "кардиолог", "фтизиатр", "рентгенолог", "ревматолог", "онколог" мамандарының атынан 28 мыңнан астам консультация көрсетіліп, 91 млн теңге көлемінде қаражат алынған.

    Аталған факт бойынша материалдар Қылмыстық кодекстің 214-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеуді аумақтық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізген.

    Тергеу нәтижесінде келтірілген залал толық өтелуіне байланысты іс ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылған.

    Сонымен қатар 203 млн теңге көлемінде стоматологиялық қызметтерді жалған көрсету фактілері анықталған.

    "Екі аффилирленген клиника өздеріне формалды түрде үш дәрігерді рәсімдеп, электрондық төлем жүйесіне жүкті әйелдер мен балаларға көрсетілгендей етіп 40 мың жалған стоматологиялық қызмет енгізген.

    Тексеру барысында бір стоматологтың бір күнде әртүрлі клиникаларда бір мезгілде ондаған пациентке "қызмет көрсеткені" тіркелген.

    Қарсы тексерулер мен пациенттерден алынған жауаптар мұндай деректердің жалған екенін растады", - делінген хабарламада.

    Аталған фактілер бойынша арнайы прокурорлар Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, материалдар сотқа жолданған.

    "91 млн теңге көлемінде қаражат алынған": Түркістан облысында заңсыз жымқыру фактілері анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.