jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматының тау бөктеріндегі 2 млрд теңгелік жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

    Алматы
    Тау. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Алматы прокуратурасы Іле Алатауының тау бөктеріндегі жер телімін мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қадағалаушы органның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Қадағалау қызметі шеңберінде ауданы 4,2 га жер учаскесін жеке меншікке заңсыз берілгені анықталды.

    Даулы учаске сауықтыру мақсатындағы жерлер қатарына кіреді және экологиялық желінің элементі болып табылады.

    "Алатау ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша сот жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тапты. Бірінші сатыдағы шешімді Алматы қалалық сотының сот алқасы күшінде қалдырды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде құны 2 млрд теңгеден астам даулы жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды", - делінген Алматы қаласының прокуратурасы ұсынған ресми хабарламада.

    Алматының тау бөктеріндегі 2 млрд теңгелік жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.