Екібастұзда мас күйдегі адамдар дәрігер мен мейірбикеге жұдырық ала жүгірген (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Павлодар облысында медицина қызметкерлеріне қарсы күш қолдануға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 12 сәуірде таңертең жергілікті тұрғын мас күйдегі екі досымен бірге Екібастұз ауруханасының қабылдау бөліміне медициналық көмекке жүгінген.
Алдын ала мәлімет бойынша, дәрігер көмегіне жүгінген адаммен бірге келгендер әдепсіздік танытқан және дәрігердің ескертпесіне агрессивті түрде жауап берген.
Ғимараттан шығудан бас тартқан жас жігіттер дәрігерге қол көтерген. Арашалауға тырысқан мейірбике де жарақат алды.
"Зардап шеккен екі медицина қызметкері де ауруханаға жарақат алуы себепті жатқызылды. Полиция қызметкерлері жедел келіп, оқиға орнында үш күдіктіні ұстады. Қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті өкілдері.
Күдіктілердің екеуі уақытша ұстау изоляторына, біреуі арнайы палатаға орналастырылды және күзет бақылауында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2366304-ekibastuzda-mas-kuidegi-adamdar-dariger-men-meiirbikege-zhudyryq-ala-zhugirgen-video/