Жақында қызметінен босатылған Атырау полиция басқармасының бұрынғы бастығы ұсталды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Атырау қаласы полиция басқармасының бұрынғы бастығы Бақытбек Исаев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Ішкі істер министрлігі жүргізген жоспарлы қызметтік тексеріс барысында Атырау полиция басқармасы бастығы тарабынан құқыққа қайшы әрекеттер фактісі анықталды.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
"Белгіленген тәртіпке сәйкес, ол теріс негіздер ішкі істер органдарынан шығарылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жария етілмейді", - деп түсіндірді Ішкі істер министрлігі өкілі.
Шешім Ішкі істер министрінің жүргізіп отырған қағидаттық бағыты аясында, атқарған лауазымына қарамастан, қызметтік тәртіп пен кез келген заң бұзушылық үшін жауапкершіліктің заңдылығын және сөзсіздігін қамтамасыз етуге бағытталып қабылданғаны атап өтілді.
Атырау облыстық Полиция департаментінің сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Атырау полиция басқармасының бастығы қызметін Орталық Азия университетінің түлегі Бақытбек Исаев атқарған.
Ол құқық қорғау органдарындағы мансабын 2003 жылы бастады. Кейіннен бірнеше басшылық лауазымдарды атқарды, соның ішінде Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2366360-zhaqynda-qyzmetinen-bosatylgan-atyrau-politsiia-basqarmasynyng-buryngy-bastygy-ustaldy/