"Құпия орында бой тасалаған": Қарағандыда 5 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Жарияланған күні:
Қарағанды облысында полиция жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 43 жастағы ер адамды құрықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, бопсалаушылық бойынша күдікке ілінген ер адам 5 жыл бойы халықаралық іздеуде болған.
"Арнайы операция Қарағанды қаласының аумағында, жекеменшік тұрғын үйлердің бірінде жүргізілді. Тінту барысында полиция қызметкерлері арнайы жабдықталған жасырын орынды анықтап, іздеудегі күдіктінің сол жерде жасырынып жүргенін әшкереледі.
Алдын ала деректерге сәйкес, ер адам қала тұрғынын қорқытып, күш қолданып, 117 миллион теңге бопсалауға қатысы бар. Күдікті ұзақ уақыт бойы құқық қорғау органдарынан бой тасалап, жасырынып жүрген", - деді Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуаныш Орынбетов.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2366472-qupiia-orynda-boi-tasalagan-qaragandy-oblysynda-5-zhyl-boiy-halyqaralyq-izdeude-zhurgen-kudikti-ustaldy/